Орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Желтоқсан көшесі, 28/1, электрондық поштасы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., анықтама телефоны-31-92-32.
№40 «Құлпынай» балабақшасы МКҚК төмендегі бос қызмет орындарына жалпы конкурс жариялайды: 5 бос орын (4- бала күтімі бойынша демалыстағы тәрбиешінің орнына, 1- бос орын )
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі
Еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары: лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 70 000 теңгеден 130 000 теңгеге дейін , еңбекақы ай сайын жүргізіледі.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің лауазымдық міндеттері:
- балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолдану;
- білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас ерекшелігіне мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
- жоспарлы сәттерді (таңертеңгілік қабылдау, таңертеңгілік жаттығулар, күндізгі тамақтану, балалардың іс-әрекеттерін (ойын, шығармашылық, танымдық, қимыл-қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және т.б.) бақылау), серуендеу, күндізгі ұйқы, жеке жұмыс, сауықтыру шараларын ұйымдастыру және өткізу, пәнді дамытушы орта жасау);
- балалармен жұмыс істеуде тұлғалық-бағдарлы тәсілді жүзеге асырады;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсету, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау.
- Отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде озық тәжірибені зерттеумен, жалпылаумен, таратумен және енгізумен айналысады;
- Ата-аналарға мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша кеңестер беру.
Білу керек:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының бағыттары мен перспективаларын айқындайтын «Білім туралы» , «Педагог мәртебесі туралы» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін.
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымын; педагогикалық этика нормаларын;
- психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері, санитарлық ережелер;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру бойынша нормативтік – құқықтық құжаттар;
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
- Мамандығы бойынша арнайы орта, жоғары немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат болуы;
- Мамандығы бойынша біліктілік санатының болуы;
- Мектепке дейінгі мекемелерде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі ретінде жұмыс тәжірибесінсізде қарастырылады
- Педагогтердің білімін бағалаудан өту туралы сертификат болуы шарт
- жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда, мектепке дейінгі ұйымның педагогы лауазымындағы жұмыс өтілі болған жағдайда:
- педагог-модератор және сарапшы-педагог үшін кемінде 2 жыл,
- педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, оқытушы-магистр – 5 жыл;
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының негізінде 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығы негізінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен мұғалімдері» өткізіледі.
Қонкусқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 22 тамыздан 31 тамызға дейін. Құжаттар жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша қабылданады.
Астана қаласы әкімдігінің №40 «Құлпынай» МКҚК балабақшасы ХАБАРЛАМА ЖАСАЛҒАН КҮНІНЕН БАСТАП 7 (жеті) жұмыс күні ішінде
бос лауазымға келесі құжаттарды қабылдайды:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» нысан бойынша 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу және фотосуреттер бойынша жеке парағы;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Педагогтердің білімін бағалаудан өту туралы сертификат (біліктілік тестілеуден өткені туралы сертификат);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы.
11) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратылымдылығы – 720*480
Үміткер бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары, алдыңғы орын басшылығының ұсыныстары) ұсына алады.